Бас бет arrow Энциклопедия arrow Кеме құруarrow Просмотр термина

Желкен

Желкен– жел энергиясын кеменің тартқыш күшіне түрлендіруге арналған қозғалтқыш;

55.jpg қозғалтқыштардың ерте заманғы түрлерінің бірі (теңізде жүзудің 6000 жылдық дәуірін қамтиды). Желкен кеме діңгектеріне бекітілген енді мата түрінде болады. Мата зығырдан, мақтадан немесе синтетикалық материалдардан жасалады.

Сонымен қатар желкенге қазіргі кезде жасалып жүрген аэродинамикалық эквивалентті қатты қабық түріндегі желкен — қанат та жатады. Жел желкенге әсер ету арқылы тікелей қысым түсіреді (желкен желге перпендикуляр орналасқан жағдайда) немесе аэродинамикалық көтергіш күшін тудырады (жел желкенге жанама соққан жағдайда).

Желкендер пішіні бойынша түзу желкен(төртбұрыш немесе теңбүйірлі трапеция түрінде) және қисық желкен(үш және төртбұрышты) болып ажыратылады. Әр желкеннің кемеде орналасуына байланысты өз атаулары болады;

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!