Бас әрiп Ж

Жел энергетикасы – жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы.
Желкен– жел энергиясын кеменің тартқыш күшіне түрлендіруге арналған қозғалтқыш;
Жол – адамдар мен көлік құралдарының жүруіне, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналып салынған (белгіленген) барлық жүру және тасымалдау желілерінің жалпы атауы.