Бас әрiп М

Магний (лат. Magnesіum) Mg, элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ топтың элементі, атам нөмері 12, атам м. 24,312.
Мантия, Жер мантиясы (грекше mantіon — жамылғы), Жердің қыртысы мен ядросының аралығында орналасқан геосфера.
Болпан (Меркурий, Олпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан) — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары.
Металлургия (грек. metallurgeo – металл өңдеймін) – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Метеорит – планетааралық кеңістіктен Жерге келіп түсетін метеорлық денелердің қалдықтары.

Метро – метрополитен (франц. metropolitain – астаналық, грек.metropolic – бас қала, астана) қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі.

 

Механика [грек. ''mechanіke'' (techne) – машина және машина жасау өнері] – материалдық денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым.
МАЛБАҒАР МЕҢДІҚҰЛОВ Қазақстанда сәулетшілер мектебінің және ғылымының негізі қалаушысы.
Молекула (лат. moles – масса) – жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек.
Мыңжылқы құдығы – гидротехникалық құрылыс.

Бірінші 1 2 Соңғы