Бас әрiп Н

Найзағай – бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше километр, диаметрі ондаған сантиметр және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд, ыстық және суық ауаның соқтығысуынан пайда болатын күшті жарқыл, жай.
Неон (лат. Neonum), Ne –элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 10, ат. м. 20,179; инертті газдарға жатады.
Никель (Nіccolum), Nі – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, атомдық нейтроны 28, атомдық массасы 58,70.