Бас әрiп П

Парафин (лат. parum – аз және affіnіs – ұқсас) – C18H38 – C35H72 құрамындағы қаныққан көмірсутектерінің қоспасы; мұнай өнімі.
Перпендикуляр (лат. perpendіcularіs — тік) — берілген түзумен (жазықтықпен) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (жазықтық).
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
Призма, оптикалық — сәуле жиілігінің белгілі бір интервалында мөлдір болатын материалдардан жасалған және жазық беттермен шектелген дене.
Процесс - белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын тізбектелген әрекеттердің жиынтығы;