Бас әрiп С

Салмақ — Жер бетіне жақын тұрған денеге әсер ететін ауырлық күшінің сандық шамасы
Спектр (лат spektrum – елестету, бейне) – физикада берілген физикалық шаманың қабылдайтын әр түрлі мәндерінің жиынтығы.
Спирттер ( ағыл. spіrіt) – құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары – (–ОН) болатын көмірсутек туындылары.
Стратосфера — тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты.
Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы.