Бектұров Әбікен

Бектұров Әбікен - Қазақстанның ғылым қайраткері

bekturov.jpg

Бектұров Әбікен (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының акададемигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945).

Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935—1960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946—1968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың анорганикалық синтез лабораториясын және анорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968 — 1985).

Негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі.

Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!