Тынышбаев Мұхаметжан

Мұхаметжан Тынышбаев қазақ тұңғыш  инженері. tynyshpaev.jpg

Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.

1879 жылы мамырдың 12 бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Қабанбай ауданы) дүниеге келген.

1889-1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп шығады. Верный гимназиясын алтын медальмен тәмамдады. Жыл сайын кластан класқа І-ші дәрежелі марапатпен көшіп, үздік үлгірім, өнегелі тәртібімен ұстаздарының ықыласына бөленеді. Гимназияны бітіргенде педагогикалық кеңестің шешімімен ол ғылымда, әсіресе, математикада үздік жетістікке жеткені үшін Алтын медальмен марапатталады.

Жиырма жасар Мұхаметжанның Жетісу әскери губернаторының кеңсесіне тілмаш болып орналасуына жол ашады. Бірақ оқуға ынталы жас жоғары білім алуға ұмтылып, император Александр І атындағы Петербург теміржол транспорты институтына түсуге тілек білдіреді. Бұл жолы да тағдыр оған күле қарайды. Өзінің мұғалімі, гимназия директоры М.В.Вахрушевтің көмегімен қазынадан 360 сом жылдық стипендия алып, Петербургке аттанады.

1900-1906 жылдары Сән-Питербортегі І Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта оқып, мұнда да ол ерен қабілетімен ұстаздарын таңқалдырып, институтты үздік бағамен бітіреді.

ЖОО бітірген соң Орта Азия өңірі мен Жетісу теміржол құрылысында инженер болып қызмет істейді. 1916 жылғы көтеріліс туралы Түркістан генерал-губернаторына берген түсініктеме нұсқасында оны кеңінен толғап, отаршылдық зорлық-зомбылық қимыл-әрекеттеріне қысқаша шолу жасауы — тобықтай түйіндеп айтылған зор ғылыми еңбек болып табылады. Ақпан төңкерісіне дейін Мұхаметжан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облысында біраз жыл қызмет етеді.

1911-1918 жылдары темір жолдың Урсатьев-Әндіжан бөлімшесінде бастық, бас инженер болып қызмет атқарды. Одан кейін Жетісу темір жол бөлімшесінің Арыс-Әулиеата құрылысын басқарды.

1925-1926 жылдары жаңа астана Қызылорда қаласын көріктендіру жүйесінің бас инженері болып тұрғанда қаланы сумен қамтамасыз ету жолын және көптеген жаңа объектілер салу туралы ұсынады.

1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға қатысады.

1926 жылы Тұрар Рысқұловтың ұсынуымен Түркісіб темір жол жобасы мен құрылысына қатысты.

1933-1937 жылдары ол айдауда жүріп Москва-Донбас темір жол құрылысында жұмыс істейді.


Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!