Бас бет arrow Энциклопедия arrow Көлікarrow Просмотр термина

Ұшақ 2

Адам баласы ғасырлар бойы көкке ұшуды арман етіп келді. Ақыры оның қиялы уақыттан оза түсіп, ұшатын кілемді ойлап тапты. aircraft_2.jpg Көптеген өнертапқыштар адам қайран қалалық ұшу аппараттарын жасау жөнінде көп еңбектенді. Біреулер құсқа еліктеп, екі қолға қанат байлап, көкке көтерілуге әрекет етті. Алайда адам аспанға бұлшық еттің күшімен емес, өзінің ақыл-парасатының күшімен ұшты.

Құрылысы

Самолеттің негізгі бөлігі - қанаттары. Қанат арқылы ғана самолет әуеде қалықтай алады. Реактивті двигателъдің тебу күші самолетті орасан зор жылдамдықпен алға қарай зымырата жөнелтеді. Ал егер самолет қанаты оның қозғалу бағытына қисан келтірілсе, қанат қарсы соққан ауа ағымын төмен айдайды да, осыдан келіп самолетті аспанға көтеретін күш пайда болады. Самолеттің құйрығында тірек қанаты болады. Ол стабилизатор мен килъден тұрады. Стабилизатордың қызметі - машинаның ауада орнықты болуын қамтамасыз етеді. Стабилизатор мен килъге биіктік және бағыт рулі бекітіледі. Самолеттің қанаты да және құйрығындағы тірегі де самолет корпусына - фюзелажына бекітіледі. Ұшқыштардың кабинасы да, самолетті басқару механизмдері мен жолаушыларға арналған салон да, жүк орны да осында орналасқан. Егер самолет жалғыз моторлы болса, онда  двигателъді де фюзеляжға орнатылады. Ал, мотор бірнешеу болса, онда қанаттарға бекітеді. Самолеттің аса бір маңызды бөлігі - шасси. Шағын арбаға ұқсаған осынау серпінді де мықты доңғалақтары бар тетіксіз  ұшу да, қону да мүмкін емес. Самолет жоғары көтеріліп алғаннан кейін ауаның қарсылық  күшін азайту үшін, шасси фюзеляждың немесе қанаттың ішіне жиналады.

Шығу тарихы

  • 1885 жылы орыс теңіз офицері А.Ф.Можайскийдің жобасымен адамды көтеріп ұша алатын дүние жүзіндегі ең тұңғыш самолет жасалды. Онда осы заманғы самолеттің барлық белгілері, корпус, құйрық, қанат, шасси, басқару жүйесі, мотор қондырғысы болды. Сынақ кезінде бұл самолет жерден көтерілгенмен, сәлден кейін бір бүйіріне жантайып кетіп, қанатын сындырып алады. Патша үкіметі талантты конструктордың бастамасын қолдамағандықтан Можайскийдің самолет жасау  жұмысы тоқтап қалады.
  • 1894 жылы Англияда конструктор Х.Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп қалады.
  • Француз өнертапқышы К.Адер жарқанаттың қанатын көзге елестететін «Авъон» аппаратымен бірнеше ондаған метр қашықтықты ұшып өтіп барып (1897) құлады. Бұл сәттіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштарының аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен еді.
  • Х1Х-ғасырдың аяғында көптеген елдердің ондаған өнертапқыштары қанатты машиналар жасай бастады. Бұл істе американдық-ағайынды Райттар үлкен табысқа жетті. 1903 жылы 17 желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Сөйтіп адамның самолетпен алғаш рет ұшуы бірнеше секундқа ғана созылды. Бұл ұшу – жоғары көтерілетін және жерге қайта қона алатын нағыз ұшу еді.
  • Ағайынды У. Және О. Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 жылы сенімді басқарылатын және 1,5 сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. Авияция (латынның «авис» - құс деген сөзінен шыққан) өмірге осылайша келді.
  • 1913 жылы Ресейде инженер И.И.Сикорский «Орыс алыбы» (Русский витязь) деп аталған ғажайып самолет жасап шығарды. Бұл дүние жүзіндегі ең алғашқы төрт моторлы самолет, әрі ауыр авиацияның тұңғышы еді. Дүние жүзілік даңққа бөленген «Илья Муромец» атты әскери самолеттер «Орыс алыбының» жалғасы іспетті болды. Оны да 1914 жылы И.И.Сикорский жасады.
  • 1924 жылы 26 мамырда А.Н.Туполевтің конструкциясы бойынша түгелдей металдан жасалған, совет самолеті – АНТ-2 аспанға көтерілді. Осы кезден бастап металл самолет жасаудағы ең негізгі материалға айналды.
  • 1924 жылы жазда Мәскеу – Төменгі Новгород әуе жолында жолаушылар таситын алғашқы АК-1 совет самолеті ойдағыдай ұша бастады.
  • 1928 жылы Н.Н.Поликарпов У-2, кейін ПО-2 деп аталған ұшуға жаттығу самолетін жасады. Бұл самолет ауыл шаруашылығында да пайдаланылды. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында У-2 самолеті санитарлық самолеттің де, байланыс самолетінің де, тіпті түнгі бомбалаушы жеңіл самолеттің де қызметін атқарды.
  • С.В.Ильюшиннің конструкциясы бойынша танкіге қарсы жасалған   Ил-2 самолеті – Ұлы Отан соғысы жылдарында дүние жүзіндегі ең жақсы самолет деп танылды.
  • 1947 жылы А.И.Микоян мен М.И.Гуревичтің конструкциясы бойынша МиГ-15 совет реактивті истребителі жасалды. Сол жылы М.Л.Мильдің конструкциясы бойынша жасалған Ми-1 верталеті көкке самғады.
  • Совет авиаконструкторлары ең алғашқы реактивті Ту-104 самолетін, ең алғашқы үш двигательді реактивті Як-40 (А.С.Яковлевтің конструкциясы) самолетін, дүние жүзі бойынша ең ауыр жүк көтеретін В-12 (М.Л.Мильдің конструкциясы) вертолетін, сондай-ақ ауыр жүк тасу алыбы – АН-124 («Руслан») самолетін (150т жүк көтерді) жасады.
  • ХХ ғасырдың басында Еуропада, негізінен, Францияда А.Сантос-Дюмон, Ф.Фербер және басқалар бірінен соң бірі ұшақ жасауға кірісті.
  • 1909 жылы 25 шілдеде француз конструктор-ұшқышы Л.Блерно өзінің монопландық сұлбада жасалған «Блерно 11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті.
  • 1909 – 14 жылдары Я.М.Гаккель, Д.П.Григорович, В.А.Слесаров, И.И.Стеглау жасаған ұшақтар шықты.
  • ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Англияда, Францияда, АҚШ-та, Германияда, Ресейде және басқа елдерде әскери және азаматтық ұшақтардың бірнеше жүздеген түрлері жасалып, олардың көпшілігі көп сериямен шығарылды. Англияда шығарылған «Супермарин S.6В» ұшағы айрықша болды. Онымен 1927 жылы американ ұшқышы У.Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты үстімен ұшып өтті.
  • Одан кейін 1937 жылы орыс ұшқыштары В.П.Чкалов, Г.Ф.Байдуков және штурман А.В.Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік полюс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504км аралықты қонбай ұшып өтті.
  • 30 жылдардың екінші жартысында КСРО-да, Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактивті қозғалтқыштары бар алғашқы ұшақтар КК-1 және КК-2 (1940-41) Италия, «Глостер» (1941) Англия, «Эркомет» (1942) АҚШ-та пайда болды.
  • 50-жылдардың басында алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450км) бір орындық МиГ-19 жойғыш ұшағы, 60-шы жылдардың екінші жартысында американың Ғ-4 «Фантом» жойғыш-бомбалаушысы, бірден тік көтеріле ұшып, тік қона алатын Ғ-111 ерекше ұшақтары жасалды.
  • 60-жылдардың аяғында бірқатар елдерде дыбыстан жылдам ұшатын (ұшу жылдамдығы сағатына 2500-3000км, ұшу қашықтығы 6-8мың км) жолушы таситын ұшақтар Англия мен Францияда «Конкорд», АҚШ-та «Боинг-2707», КСРО-да ТУ-144 жасалды.
  • 90 жылдардың басында әскери ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3.000 – 3.500км, биіктігі 30.000м, ұшу қашықтығы 15.000км-ден дәрежеге асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті.

Хронология

  • 1885 – орыс теңіз  офицері А.Ф.Можайскийдің жобасымен ең тұңғыш самолет жасалды;
  • 1894 – Англияда конструктор Х.Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады;
  • 1897 – Француз өнертапқышы К.Адер «Авьюн» аппаратын ойлап тапты;
  • 1903 – Американдық ағайынды У. Және О. Райттар керосинмен істейтін ұшақ жасады;
  • 1913 – Ресейде инженер И.И.Сикорский «Орыс алыбы» («Русский витязь») деп аталған ғажайып самолет жасады;
  • 1914 – «Илья Муромец» атты әскери самолетті де И.И.Сикорский жасады;
  • 1924 – А.Н.Туполевтің конструкциясы бойынша түгелдей металдан жасалған АНТ-2 самолеті аспанға көтерілді;
  • 1928 – Н.Н.Поликарпов У-2, кейін ПО-2 деп аталатын жаттығу самолетін жасады;
  • 1940 – С.В.Ильюшиннің конструкциясы бойынша Ил-2 самолеті жасалды;
  • 1947 – А.И.Микоян мен М.И.Гуревичтің конструкциясы бойынша МИГ-15 совет реактивті истребителі жасалды;

Ұшақтардың Қазақстанда пайдалануы және түрлері

Қазақстанда 1926 жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш рет аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді.

1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы бірінші рет КСРО-да Алматы мен Мәскеуді жалғастырды.

Республиканың әуе жолдарында А-24, И-76, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-40 ұшқыр ұшақтары жолаушыларға қызмет етіп келеді.

Ил-76, Ил-86, Ту-134, Ту-154, «Боинг-747» ұшақтары 90-шы жылдардан бастап Қазақстан Республикасы қалаларын Будапешт, Пекин, Сеул, Стамбул, Тегеран, Тель-Авив, Мәскеу т.б. көптеген қалалармен байланыстырды. Астанадан тәулігіне 15, Алматыдан 200-ден астам әуе кемелері ұшады.

Самолеттердің түріне қарай олардың ұшу қашықтығы да әртүрлі болады. Айталық, жолаушы таситын Ан-24, Як-40 самолеттері жақын жерге қатынауға ыңғайлы болса, Ту-134, Ил-86 орташа қашықтықтарға ұшады. Ең алыс қашықтықтарға арналған Ил-62, Ту-154 сондай-ақ соңғы жылдары жетілдіріле түскен өзге де алып лайнерлер дыбыстан екі есе жылдамдықпен ұша алады. Әскери әуе Күштерінің самолеттері біздің еліміздің аспанының ашық болуын қадағалайды.

Қанатты машиналар еліміздің халық шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосады. Арнайы аспаптармен жарақтанған самолеттер пайдалы кен қазбаларын барлауға қызмет етеді. Балық аулау, флотилияларына мұхит шалқарынан балық үйірлерін табуға көмектесетін де – осы самолеттер. Самолеттер егіс алқаптарын тыңайтып, арам шөбін жоятын химиялық заттар себеді. Ормандағы өртті тез байқап, оны дер кезінде  сөндіретін де осылар. Бүгінгі күнде қанатты машиналардың атқаратын жұмысы одан да көбейе түсті.

Уразбаев Мирас - №6 мектептің 9 сынып оқушысы