Бас бет arrow Энциклопедия arrow Кеме құруarrow Просмотр термина

Кеме

Кеме – суда не су астында жүзе алатын жүк немесе жолаушылар тасуға арналған су көлігі.

keme.jpg Қазыргі таңда да кеменің алар үлесі мол және кеңінен қолданыста пайдалынады, яғни жүк, адам тасымалдаушы ретінде, кей теңіз өнеркәсіптерінде жетік қолданысқа ие.

Кеменінің түрлері және тарихы

Сал - әлемдегі  тұңғыш кеме. Адамдар ағашты кесіп құлатып, буып-буып байлаған да, алыс сапарға шыға берген.

Челн - шағын қайық. Жуан бөрененің өзегін балтамен шауып немесе шоқпен күйдіріп ойық жасаса болды, қайық та дап-дайын болған. Ескектері де сол кезде пайдаланылған.

Ладья - шап-шағын, желкенді кеме. Орыс  жауынгерлері өздерінің ладьяларына отырып алған да, кенеп желкендерін керіп тастап, көздеген мақсатына жетуге асыққан… Желкенін көтерген соң кеменің жүрісі де жеңілдей түскен.

Корвет, бригантина, фрегат, шхуна - бұлар көп желкенді, үлкен кемелер. Ұлы теңіз жиһангезі Христофор Колумб осындай кемелердің керуенін бастап, мұхитты кесіп өтті де, ол кезде көп жұрт біле бермейтін жаңа құрлық Американы ашты.

Кемеге бу машинасын орнатып - ол енді желкенді жүзгіштен пароходқа  айналды. Қазандықта көмір лаулап жатып, мұржайдан будақ түтүн ұшып, қазандағы су бұрқ-бұрқ қайнайды. Бу доңғалақты айналдыра отырып, доңғалақ қалақшаларымен суды сабалай, кемені теңіз бетімен зымырата жүзе жөнелтеді.

Теплоходтар, электроходтар – үлкен толқындарды жарып өткенде, бүтін бір қала жүзіп бара жатқандай көрініс табады.

Ескек доңғалақтың орнына ескіш винттің алмастырғанына да көп уақыт өтті. Бұл өзі тақтайға немесе металға бұралатын винттерге мүлде ұқсамайды, бірақ бұрылатыны рас. Суда шыр көбелек айналып, кемені де алға қарай доңғалақ ескекке қарағанда жылдамырақ жүздіреді. Катерлер мен шағын моторлы қайықтардың винттері онша үлкен емес. Ал теңізде жүзетін үлкен кемелердің винттері үлкен болады.

Паром - машиналарды, автобустарды, кейде тіпті темір жол составтарын да су арқылы тасымалдап, арғы бетке өткізеді. Паром келесі жиекке жеткен соң, үстіндегі поезд палубаның бір шетімен алға қарай жылжиды. Сөйтіп, жағалаудағы рельске табаны тиген сәттен бастап, ол қайтадан құрлықтағы транспортқа айналып кете барады.

Ал жүк көтергіш кран-кеме болса, ол терең теңіздің болашақта айлақ жасалатын тұсына көп тонналық блоктарды қалап шыға алады.

Өрт сөндіргіш кеме - теңізде жүзіп жүрген кемелердің бірінде өрт шыққаны туралы дабыл белгісін қабылдасымен-ақ оқиға болған маңға жетіп, су шашып, лаулаған жалынды тұншықтырады.

Балықшы кеме - үлкен тор сүйрете жүзіп, теңізден майшабақ, камбала аулайды.

Әскери кемелерміз, олар теңіз арқылы өтетін шекараны дұшпандардан қорғайды. Теңіз толқынын тілгілеп, ракеталы сақшылар қарауылдап жүзеді. Әскери кеме аэродроммен жабдықталады.

Мұзжарғыш кеме тұтасқан қалың мұз құрсауларын бұзуға арналып жасалған. Оның мұзды жаратын алып, үтік секілді тұмсығы бар. Ол мұз құрсауын бейне бір жұмыртқа қабығындай шыт-шыт жарады.

Ғылыми зерттеу кемелері теңіз табиғатын: су асты қойнауларын, су жануарларын; теңіздегі болып жатқан өзгерістерді зерттеумен айналысады. Аты аңызға айналған Жак Кусто осы кеменің арқасында теңіз әлемін зерттеуде үлкен үлес қосуда.

Хронология

· Кеменің алғаш қолдану ежелгі біздің заманымыздан бұрынғы көне тас дәуірінен бастау алған;

· 1782 жылы И.П.Кулибин (1735-1818) алғаш судың қысым күшімен айналдыратын донғалағы бар кеме жасады;

· 1802 жылы Англияда, 1807 жылы АҚШ-та, 1810 жылы Ресейде алғаш темірден кеме жасалды;

· 1881 жылы А.Ф.Можайский(1825-1890) су бетінде және су астында жүзе алатын су асты кемесін ойлап тапты;

· 1894 жылы Англияда, 1903 жылы Ресейде Азаматтық кемелер: көліктік, кәсіптік, арнайы қызметтік және техникалық мақсатқа арналған, спорттық кемелер кең етек жайды;

· 1911 жылы Ұлыбританияда алып жолаушы кемесі «Титаник» үлкен теңізге шықты;

· 2008 жылы 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «Зенит» зауытында алғаш әскери кеме құрастырылып шықты.

Қолданылу

Кеме техника мен технология шарықтап дамыған ХХІ ғасырда да алар орны ерекше. Ол:

· Адам, жук тасымалдау үшін көлік ретінде;

· Әскери қорғаныс үшін;

· Балық өнеркәсібінде;

· Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін;

· Мұз жарғыш ретінде қолданылады.

Дәл қазірдің өзінде мыңдаған кемелер теңізде толқынмен арпалысып, материктер мен материктерді, түбектер мен аралдарды байланыстыруда.

Қызықты фактілер

Қазірдің өзінде Сомали аралдарында ерте кезден келе жатқан кеме қарақшылары мекен етеді. Олар жүкпен келе жатқан кемелерге жойқын-жойқын тонаушылық шабуылдар жасап, адамдарды тұтқынға алуда.

Амандаулетов Ақылбек Жұмабекұлы №3 Орта мектеп 6 «а» - сыныбы.