Юпитер

Есекқырған (кейде Юпитер) — Күн жүйесінің бесінші ғаламшары.
Қызылжұлдыз мен Сатурн (Қоңырқай) ғаламшарларының арасында орналасқан. jupiter.jpg
Есекқырған Күннен 773 млн. шақырым қашықтығында орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша ол 11 есе Жерден үлкен, салмағы бойынша ше 300 есе үлкен.
Есеккқырғанның бір жылы Жердегі 11 жылына сәйкес, яки Есекқырған Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Есенқырғанда Жердегідей жыл мезгілдері жоқ, өйткені ғаламшардың белі оның орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр. Есекқырғанның, Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа.
Есекқырғанның бір тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен ғаламшарлар секілді өте жылдам өз белін айналады.
Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C. Есекқырғанның табиғи серіктері — Еуропа(серік), Каллипсо, Ио, Ганимед.

Атауы

Юпитер көне юнандардың Зевс құдайының мадағына атаған. «Юпитер» бұл Зевс құдайының латын аты.
Қазақтың атауы «Есекқырған» ғаламшардың ерте аспанға шыққанынан пайда болған. Есек керуенді басқаратын адамдар оны Шолпан ғаламшарымен шатасып, есектерді ерте оянған. Есектер дұрыс дем алмай, таңертенге шейін шыда алмағаннан өліп қырылған. Соңдықтан ел аузында ғаламшарды Есекқырған деп атау бастаған.