Қуат

Қуат (орыс. мощность ) - уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама. electrical_power.jpgБірқалыпты жұмыс істейтін жүйе үшін Қ.: N=А/t өрнегі бойынша есептеледі,

мұндағы А – t уақыт ішінде істелетін жұмыс, жалпы жағдайда N = dA/dt ,

dA – элементар уақыт бірлігі (dt) ішіндегі элементар жұмыс.

Дененің қозғалыс бағытымен әсер ететін тұрақты күштің Қуатынын: P =  F х V өрнегімен де анықтауға болады,

мұндағы F – денеге әсер ететін күш, V – дененің жылдамдығы.

Қуаттың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі – Ватт (Вт). Вт=Дж/с.

Қуаттың еселі өлшемдері:1 кВт=103Вт, 1 МВт=106Вт техникада кеңінен қолданылады;

сонымен қатар Қуат бірлігі ретінде ат күші (а. к.) де қолданылады, 1 а.к.=735,5Вт x0,74 кВт.

N = Delta A / Delta t

Қуат 1. Сәулеленетін энергияның мөлшері немесе уақыт бірлігінде орындалатын кез келген жұмыс, өлшем бірлігі ватт.
2. Жүйенің өнім шығаруға, яғни оның уақыт бірлігіі ще белгілі бір жұмыс көлемін орындау қабілеттілігін анықтайтын сипаттама.
3. Белгілі бір қасиеттерге ие, кодалау теориясындағы көрсеткіш берілген жиында N элементтер санын сипаттайды. М символдарынан N разрядты бірыңғай коданың қуаты N = т".

Реактивті қуат

Реактивті қуат - электротехникалық құрылғылардағы электромагниттік өріс энергиясынын тербелісі жасайтын жүктемені сипаттайтын шама.