Зат

Зат – негізгі физикалық ұғым. thing.jpgЗат тыныштық массасы мен кеңістікте шектелген пішімі бар бөлшекті нысандардың (атом, молекула, ион, денелер) жиынтығын білдіреді. Дене мен затбөлшектері ауыспалы жылдамдықпен қозғалып, ал өріс (мезондықтан басқасы) вакуумдегі жарық жылдамдығымен бірдей тарайды. Элементар бөлшектер (электрон, протон, нейтрон, т.б.) дәрежесінде затпен өрістің айырмашылықтары шартты болады.

Зат бөлшектерінің өзі белгілі бір өрістердің кванттарына айналады да, өзінің таза дискреттік сипатын жоғалтады, ал өріс болса үздіксіз болудан қалып, өзінің кванттары – дискреттік құрылымын құрайды. Бұл затпен өріс бірлігінің көрінісін және олардың арасында қатал шектеудің болмайтынын көрсетеді. Сонымен бірге, белгілі жағдайға байланысты затпен өріс өзара бір-біріне (өрістен затбөлшектері пайда болып немесе керісінше) ауысып отыруы мүмкін. Өйткені олардың қасиеттері бір-бірімен өзара тығыз байланысты, себептес болып келеді;

Зат, нәрсе- бойында белгілі бір қасиеттері бар, материалдарды белгілеу үшін күрделі терминдерде қолданылатын түсінік.