Бас бет arrow Энциклопедия arrow Құрылысarrow Просмотр термина

Гипс

Гипс - негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) таужыныс 1293909856_s1.jpgГипс (грекше gypsos — бор, ок)

    минерал — өз құрамына екі су молекуласын кіріктіретін кальций сульфаты;
    негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) таужыныс;
    ғаныш – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaSO4Һ2H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады.

Гипстің жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3 г/см3, балқу температурасы 32 – 41 С. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар.

Кристалдық сырт бейнесі көбінесе таблетка формалас жұқа келеді, кейде призма түрінде болады. Гипстің «қарлығаш құйрық» деген қоспақтары жиі кездеседі. Гипстің жеке кристалы мен қоспағы . Агрегаттары қуыстар ішінде топталып өскен друзалар құрайды. Сонымен қатар оның майда кристалды тыгыз түрлері болады (алебастр). Тастың жарықтарында шаншылып салаланып өскен талшық ты гипстер де болады. Талшықты гипс көбінесе жібекше құлпырған әдемі келеді.

Жаратылысы

Гипс әр түрлі табиғат жағдайында:

  •     тұзды көлдердің шөгінділерінде;
  •     ангидриттің гидратация құбылысында жыныстардағы судың әсерінен;
  •     тұз және сульфид кендерінің үстіңгі үгілу зонасында қалдық минерал ретінде пайда болады;
Гипс гидратермалық желілерде сирек кездеседі; ол вулканды аймақтарда, әсіресе бу мен газдар атқылаған ыстық арасан көздер (фумаролалар) маңында кездеседі.

Гипс өте бағалы құрылыс материалы болып табылады. Ол түрлі көркемдік, скульптуралық ендірісте қолданылады.

  Кендері

Гипс Ресейде, Түрікменстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Қазақстанда кездеседі. Гипс кені шет елдердің көбінде бар.