Бас бет arrow Энциклопедия arrow Механикаarrow Просмотр термина

Салмақ

Салмақ — Жер бетіне жақын тұрған денеге әсер ететін ауырлық күшінің сандық шамасы

weights.jpg Салмақ — Жер бетіне жақын тұрған денеге әсер ететін ауырлық күшінің сандық шамасы: P=mg, мұндағы m — дене массасы, g — еркін түсу үдеуі (немесе ауырлық күшінің үдеуі). Дененің массасы тұрақты шама, ал g мәні Жер бетіндегі ендікке және теңіз деңгейінен есептелетін биіктікке байланысты (мысалы, Алматы үшін g=9,804м/с2) өзгеретіндіктен, оған сәйкес дененің салмағы да өзгереді. Дененің салмағы күш бірлігімен (Н, кгк, дин және т.б.) өлшенеді.

САЛМАҚ - 1. дене салмағы; 2. ілінісу салмағы - көліктік құралдын жетекші доңғалағына түсетін жэне олардың жолмен ілінісуін қамтамасыз ететін ілінісу салмағы.

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!