Теледидар

Теледидар – телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. teledidar.jpg
 Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.

Кинескоп

Кинескоп - телевизиялық қабылдағыш түтік – телевизиялық кескін көрсетуге арналған электронды-сәулелік түтік. Ақ-қара түсті кинескоп та электронды сәуле люминесценциялық экранға түсіп, оны беріліп жатқан кескін сигналына байланысты жолма-жол және кадр бойынша жарықтандырады. Түрлі түсті Кинескопта бұл мақсат үшін 3 электронды сәулені пайдаланады. Олар мозаикалық немесе штрихтық экранның люминофорын бір түспен – қызыл, жасыл немесе көк түспен жарықтандырады. Біртүсті 3 кескінді беттестіру нәтижесінде қорытынды түрлі түс алынады. Тұрмыстағы теледидарларда әдетте, экранының диогональ өлшемі 16-дан 72 см-ге дейінгі Кинескоп қолданылады (Кинескоп тереңдігі диогональ өлшемімен шамалас). 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап тереңдігі аз, беті жалпақ кинескоп құрастыру қолға алынды.

Телевизорды жөндеу

Телевизорға ондаған электрондық лампалар және жартылай өткізгіш приборлар, жүздеген резисторлар, конденсаторлар, контурлар, трансформаторлар, айырып-қосқыштар, панелдер т. б. орнатылған. Сондықтан телевизорларды жөндеу, әсіресе ақауларды іздеп табу тек арнайы маман адамның немесе жеткілікті дайындығы бар радиоәуесқойлардың ғана қолынан келеді. Бірақ негізінен телевизорлардың кейбір электрондық лампаларының қорғағыштарының немесе басқадай детальдарының істен шығып қалуының салдарынан болатын қарапайым ақауларды телевизор иелерінің өздері-ақ телевизор нұсқауы мен көпшілік оқырмандарға арналған брошюралардың кеңестері бойынша өндеп алуларына болады. Ақауы бар кинескоп тек кепілдік талоны (телевизор паспортының ішінде болады) болған жағдайда және онда көрсетілген кепілдік мерзім аралығында ғана тегін түрде жаңасымен алмастырылады. Телевизордан бөлек түрде жеке сатып алынған кинескоп істен шыққан жағдайда, кепілдік мерзім ішінде оны сатқан магазин тегін алмастырып береді.

Кейбір қалаларда істен шығып қалған кинескоптарды қайта қалпына келтіру шеберханалары бар. Телеателье немесе радиошеберхана тек телевизиалық орталықтың немесе ретрансляциялық станцияның хабарларын сенімді түрде қабылдау аймағында орналасқан телевизорларға ғана қызмет көрсетеді. Телевизорларды жергілікті ерекшеліктерге сәйкес пайдалануға байланысты ауық-ауық жүргізілетін жөндеулер мен басқа да жұмыстарды телеательеден несиеге алатын талондар бойынша іске асыру — қызмет көрсетудің қолайлы түрі болып табылады. Егер сіз өзіңіздің бұрыннан пайдаланылып келе жатқан телевизорыңызды осы заманғы жаңа модельді телевизормен ауыстырғыңыз келсе, ескі телевизорыңызды белгіленген баға бойынша жаңа телевизордың құны есебінде тапсыруыңызға болады. Бұлайша алмастырудың тәртібін жақын жердегі радиомагазиннен білуге болады. Телевизорды пайдалану. Ток желісіне қосылып жұмыс істеп тұрған телевизорды бақылаусыз қалдыруға болмайды, себебі бұдан лампалар, кинескоп т. б. детальдар мерзімінен бұрын тозады және уақытысында байқалмаған ақаулық кейіннен елеулі ақауларды тудыруы ықтимал. Қолдан жасалған токқағарды пайдалануға болмайды және ток кернеуі номиналь кернеуден 5%-тен артық болған жағдайда телевизорды желіге қоспау керек. Бұдан детальдардың изоляциясы бүлінеді, лампалар әдеттегіден ертерек тозады.

Телевизордың ішіндегі шаң-тозаңдарды тазартқанда ылғал шүберекпен сүртуге болмайды — бұл электрлік изоляцияның және детальдардың бүлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Шаң-тозаңды жылына 1—2 рет шаңсорғышпен және жұмсақ қыл щеткамен, құс қауырсынымен немесе бензинге матырылған жұмсақ шүберекпен тазарту қажет. Күйге келтіру тұтқаларын күштен бұрамау керек, дұрыс тұтқалар жеңіл әрі бірқалыпты бұралуға тиіс. Күйге келтіру винттерін және де контур катушкаларының өзегін бұрауға болмайды, себебі бұларды бұрағаннан телевизор бұзылуы және бүлінуі мүмкін. Жұмыс істеп тұрған телевизордың артқы қақпағын салфеткамен, жапқышпен жауып қоюға болмайды, себебі бұдан оның детальдары қызып бүлінуі мүмкін. Найзағай жарқылда ған кездері телевизорды жұмыс істетпеген жөн; ол кезде сыртқы антеннаны жермен қосып тастау қажет. Хабар біткен соң тек телевизорды ғана емес, кернеу тұрақтандырғышты (стабилизаторды) да немесе кернеу реттеуішті де (егер бұлар пайдаланылған болса) ток желісінен ажыратып тастау керек.

Телевизордан нені және қалай көру керек

СССР Орталық телевизиясы Мәскеуден 10 программа бойынша хабар таратады, мұның алтауы еліміздің шалғай аудандарына арналған (тәуліктік орташа көлемі 80 сағат). СССР Орталық телевизиясы «Интервизия» және «Евровизия» жүйелері арқылы Еуропаның көптеген елдерімен телехабарлар алмасады және осы елдерден тікелей телерепортаждар ұйымдастырады. СССР Орталық телевизиясының хабарлары советтік «Марс» ретрансляциялық космостық байланыс станциялары және «Молния—2» байланыс спутниктері арқылы Америка және Азия құрылықтарына тікелей таратылады. СССР-дің ұлт республикалары мен облыстары халықтарына қолайлы болу үшін бірқатар телевизиялық орталықтар телехабарларды екі тілде бірдей таратады. Телекөрермендер қосымша арнайы құрылғы арқылы хабарлы өзі қалаған тілде тыңдай алады.

Телевизиялық хабардарлық арнайы ерекшеліктерінің (информацияның жан-жақтылығы, және көрнекілігі, кез келген шалғай қашықтан хабар көрсетуі, уақиғаға «араласып кетуі» әсерінің және көріністің өзгеруі) болуы әсіресе организмі мен жеке басы әлі қалыптасып бітпеген жасөспірімдерге және балаларға сезімдік және психологиялық үлкен әсер етеді. Егер телевизиялық хабарларды талғамастан немесе бәрін түгелдей (кейбіреулер көп жағдайда осылай істейді), отбасы мүшелерінің құрамын, жас ерекшеліктерін, білім дәрежесін, денсаулық жағдайын, сонымен бірге отбасыныңның пәтер жағдайын еекермей көре бергеннің пайдасынан гөрі зияны көп, оқуға және өз бетінше кітап оқуға кедергі жасайды, спортпен шұғылдану және таза ауада болу уақытын азайтады, тынығу уақытын кемітеді және адамның нерв жүйесіне өте көп күш түсіреді. Балаларға ерекше «телевизиялық режим» орнату керек. Дәрігерлердің жүргізген арнайы зерттеулері 14 жасқа толмаған оқушылардың күніне көретін телевизиалық хабарларының ұзақтығы 1 сағаттан аспауы керек екенін көрсетеді. Ересек оқушылар хабарларды үзіліссіз 2 сағаттан артық көрмегені жөн. Телевизорды жұмыс және демалыс режимдерін бұзбай, отбасы мүшелерінің ұнататын және талап-тілегіне сай келетін, олардың барлығына пайдасы бар хабарларды алдын-ала таңдап алып, дұрыс пайдалану қажет. Апталық бюллетендерде, орталық және жергілікті газеттерде жарияланатын телевизиалық хабардар программасын пайдалана отырып өз отбасыңыздың көретін телевизиялық жоспарларын жоспарлап, белгілен қойғандарыңыз жөн. Телевизиялық хабарларды ала көлеңке жарақта көрген дұрыс, себебі кескіннің айқындылығы мен бөлменің қараңғылығының арасындағы айырмашылық алшақ болғанда көз тез талады. Экраны үлкен телевизорды 2—3 метрдей қашықтықта отырып көрген дұрыс, себебі бұдан жақын отырған кезде экраннан көрінетін кескіннің айқындылығы нашарлап, көз талады. Телевизор экранының ортасы отырған адамның көз деңгейінің биіктігіндей болуы қажет. Телевизорды жатып көруге болмайды.